ТҮРКІСТАН: Келес ауданында жаңа мәдени нысандар бой көтеріп жатыр

0
77

Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында жаңа мәдени нысандар бой көтеріп жатыр

Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет нысандарын көбейту және халықтың мәдени демалысқа қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.


Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.


Былтыр аудандағы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде. Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салу бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобалар жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа деңгейге көтерілмек.


Одан бөлек, биыл Абай ауылында аудандық мұражай салу жоспарланған. Аталған жоба үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы бақылауда болады.

Бөлісу