Елді мекендерді абаттандыруға, санитарлық тазалықты жүйелі жүргізуге ерекше үлес қосатынын атап өтті.
Қазығұрт ауданында «Таза су» мекемесіне жаңа техникалар тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазығұрт ауданында “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында және “Таза Қазақстан” ұлттық бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі Азизхан Исмаилов “Таза су” шаруашылық жүргізу құқықындағы МКК қызметкерлеріне Трактор “Беларус 920” (8 дана), трактор тіркемесі ПТС - 4,5 (8 дана), Камаз 6520-6041-53 (1 дана), КРН-2.1Б шөп шапқыш (1 дана), Фронтальный погрузчик SDLG модель “LG953” (1 дана) техникаларының кілтін салтанатты түрде табыстады.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов, жаңа техникалар қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыруға, елді мекендерді абаттандыруға, санитарлық тазалықты жүйелі жүргізуге ерекше үлес қосатынын атап өтті.
Бұл бастама - мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын жергілікті деңгейде нақты іске асырудың көрінісі.
Жаңа техникалар аудан көшелерін тазалау, жолдарды күтіп ұстау, қоқыс шығару, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ “Таза Қазақстан” бағдарламасын тиімді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.