Концерт соңында отшашу ұйымдастырылды.
Киелі Қазығұрт төрінде аудан әкімдігі мен демеушілердің қолдауымен "QAZYGURT FEST" атты он мыңға жуық адам жиналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мерекелік шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, “Жұмысшы мамандықтар жылы” қарсаңында өз саласында адал қызмет атқарып жүрген бір топ еңбек адамдары мен үздік мекемелерді алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, концерт барысында аудан жастары “1 тамызды – Қазығұрт жастары күні” деп атап өтуді ұсынды. Елдің болашағы саналатын жастардың бұл ұсынысын аудан әкімі қолдап, жастардың бастамаларына әрдайым ашық екенін жеткізді.
Сахна төрінде елімізге танымал эстрада жұлдыздары Өктем Алтаев, Қайрат Түнтеков, Серік Ибрагимов, Әділет Жауғашар өнер көрсетті. Сондай-ақ, жастардың сүйікті орындаушылары Ақсұңқар, Диана Алдабергенова, Әділ, Әли, Бағдат, Баянсұлу, Есқара Бейбітов және аудандық мәдениет сарайының әншілері көпшілікке керемет әндерін тарту етті.
Ерекше көңіл-күй сыйлаған ең танымал әзіл жобасы “Jaidarman” ойындарының жұлдыздары: “Абырой”, “Ақбұлақ”, “Самал 3” командалары өздерінің тапқыр әзілдерімен көрерменге күлкі сыйлады. Концерт соңында отшашу ұйымдастырылды.