Отбасы құндылықтары, ұлт болашағы, қазақ тілінің мәртебесі сынды өзекті мәселелер жөнінде ой қозғап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Қазығұрт ауданында қоғам қайраткері, қазақтың қайсар қызы – Оразкүл Асанғазықызымен «Берекелі отбасы» атты мазмұны терең, тағылымы мол кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шара барысында спикер отбасы құндылықтары, ата-ананың отбасындағы жауапкершілігі мен рөлі, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесінің маңызы, ұлт болашағы, қазақ тілінің мәртебесі сынды өзекті мәселелер жөнінде ой қозғап, өмірлік тәжірибесімен пікірлерімен бөлісті.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге мектеп мұғалімдері, «Отбасын қолдау және Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мамандары, жастар өкілдері мен колледж студенттері қатысты.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай киелі Қазығұрт ауданы тұрғындары және аудан әкімі Азизхан Исмаилов атынан елдің бірлігі мен отбасы институтын нығайту жолындағы сүбелі еңбегі үшін Оразкүл Асанғазықызына ерекше алғысын білдірді.


