50 тоннаға жуық түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылуда.
Түркістан қаласындағы «Отырар» мөлтек ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Онда қала тұрғындарына қолжетімді бағамен 50 тоннаға жуық түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылуда. Сауда сөрелеріне Арыс қаласы, Сайрам, Түлкібас және Ордабасы аудандарының жергілікті шаруалары өндірген ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөністер мен басқа да күнделікті тұтынатын тауарлар қойылған. Сонымен қатар, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген тауарлар да нарықтағы бағадан 30-40 пайызға дейін төмендетілген бағамен сатылуда.
Жәрмеңке - тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. Бекітілген кестеге сәйкес, келесі жәрмеңке Жаңа қала шағын ауданындағы «Достық үйінің» автотұрағында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.


