Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар қадағаланды

0
111

Жауапты мердігерге тиісті тапсырмалар берілді.


Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар қадағаланды

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оның ішінде Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік әлеуетін көтеру, «Ақылды қала» тұжырымдамасына сай дамыту мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауына алынған.


Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Түркістан қаласында жүзеге асып жатқан жобалармен танысып, құрылыс жұмыстарын бақылады. Аппарат басшысына «Ақылды аялдама» мен «Көшелерді ақылды жарықтандыру» жобалары таныстырылды. Бұл аялдаманың ерекшелігі – жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады, яғни, ауа райының суық күндері аптап ыстығынан қорғамақ. Сонымен бірге қоғамдық көліктердің келу уақыты да көрсетіліп тұрады. Бұл бағытта жауапты мекеме мен инвестор арасында келіссөз жүргізіледі. Ал жарықтандыру жүйесі бойынша ұсыныстар зерделене түспек.


Еркебұлан Дауылбаев Түркістанда салынып жатқан 5 мың адамдық мешіттің құрылыс барысымен де танысты. Бүгінде нысан құрылысы аяқталып келеді. Жауапты мердігерге тиісті тапсырмалар берілді.


Аппарат басшысы облыс орталығы маңындағы Шаға жасанды көлінің жай-күйімен де танысты. Түркістан облысында «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығының инженерлік инфрақұрылымын салу» жобасы, яғни Шаға көлін салу қолға алынған. Көлдің жалпы ауданы – 81,0 га, сыйымдылығы – 2,3 млн. текше метр, арналардың жалпы ұзындығы – 6,1 шақырым. Шаға көлінің негізгі мақсаты – Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын көктемгі су тасқынынан қорғау. Жоба шеңберінде көлді тиімді пайдалау мақсатында туристік орын – жағажай ретінде нысанға инфрақұрылым тарту, автоматтандырылған суару жүйесі, ұңғыма, кәріз құбырлары мен қажетті қызмет көрсету ғимараттарын салу көзделіп, жұмыстар атқарылған. Аталған аумақтағы жобаны толық жүзеге асырып, туристік аймаққа айналдыру үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізілді. Қалған жұмыстар толық инвесторлар қаржысы есебінен атқарылады деп күтіліп отыр.

Бөлісу