ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобалардың жай-күйі сараланды

0
112

Жаңадан ұсынылған жобалар да қаралып, іске асыру тетіктері пысықталды.


ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобалардың жай-күйі сараланды

Түркістан облысында инвесторлар тарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау және жобаларды сүйемелдеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде инвесторлар тарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау және жобаларды сүйемелдеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған орай, жауапты басқарма басшылары, қала және аудан әкімдіктерінің орынбасарлары, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер және инвесторлардың қатысуымен инвестициялық штаб отырысы өтті.


Кездесу барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйі мен проблемалық мәселелері талқыланып, олардың шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, жаңадан ұсынылған жобалар да қаралып, іске асыру тетіктері пысықталды.


Құны 500 млн. дейінгі жобалар жеке-жеке зерделеніп, жүзеге асыру жайы сараланды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі саласында «EL KZ-2020» ЖШС-ның асфальт темір бетон өндіру жобасы, өсімдік шаруашылығында «Абдашим» ЖК-нің ауыл шаруашылығы өнімі (210 мың тонна) жобасы, «TURAN MAQTA» ЖШС-ның ауыл шаруашылығы өнімі (10 мың тонна) жобасы жан-жақты талқыланды.


Қазіргі таңда жобаларды іске асыруда орын алған мәселелерді шешу бойынша жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қажетті инженерлік-коммуникациялық желілер тарту, жер учаскелерін рәсімдеу, рұқсат құжаттарын алу сияқты бағыттарда жүйелі жұмыстар жүргізілудеатқарылуда. Сонымен қатар, жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір бастамашымен жеке жұмыс жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетілуде.


Жиын соңында инвестициялық климатты жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою және инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Жауапты сала өкілдеріне хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатындығы ескертілді.


Бұл жобалардың толық іске асуы – өңір экономикасының дамуына және инвестициялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізбек.

Бөлісу