ТҮРКІСТАН: Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

0
101

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, баяндамалар жасалды.


ТҮРКІСТАН: Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан облысында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау оргадары өкілдері, аудан және қалалық комиссия төрағалары селекторлық форматта қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, баяндамалар жасалды.


— Мемлекет гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, отбасылық институтты нығайту, ана мен бала құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыстарды атқаруда. Түркістан өңірінде игілікті бастамалар мен жобалар жүзеге асырылып келеді. Әйелдер қауымы сан түрлі саланы меңгеріп, еңбектеніп, елді дамытуға үлес қосуда. Бүгін жиі кездесетін мәселелерді ортаға салу, ұсыныстарды талқылау және шешілу жолдарын қарастыру үшін жиналдық. Сіздер қоғамда белсене іс атқарып, проблемалардың ошақтарын жіті білесіздер. Сондықтан пікірлеріңізді тыңдау - маңызды. Ерте жүктіліктің алдын алу шараларының нәтижесінде көрсеткіш төмендеді. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасында және оларға жасалатын құқықбұзушылық азаймай отыр. Көбіне әлеуметтік жетіспеушілік пен отбасылық жанжалдан туындайды. Сондай-ақ қадағалауды жазғы демалыста да елеусіз қалдырмаған абзал. Білім ұяларынан бастап колледждерге дейін, жалпы жергілікті жерлерде бақылауды күшейтіп, жұмысты жандандыруды тапсырамын, - деді Бейсенбай Дәулетұлы.


Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылдың 7 айында жүргізілген талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандармен 69 қылмыс болған. Осыған байланысты Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ, 17 аудан және қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ ашылып, тиісті міндеттерді орындауда. Бұл орталықтар өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты көмектесуде. Жыл басынан бері 17 орталыққа 3800-дей өтініш келіп түсіп, түрлі бағытта 5 мыңнан аса қызмет көрсетілді. Отбасын қолдау орталықтарында жалпы 284,5 штаттық бірлік бекітіліп, тиісті мамандар еңбек етуде.


Айта кетейік, Түркістан облысында халық саны - 2,1 млн адам. Оның 49 пайызы – әйелдер. Республикада көпбалалы аналардың 185 мыңнан астамы Түркістан өңірінің тұрғындары. Бүгінде аймақта 55 мыңнан астам адам немесе 8935 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Бөлісу