ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер еттартқышқа қолын салған баланың өмірін сақтап қалды

0
110

Баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған.


ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер еттартқышқа қолын салған баланың өмірін сақтап қалды

Түркістандық дәрігерлер еттартқышқа қолын салған баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі жағдайға тап болып, шұғыл шешім қабылдады. Төлеби ауданынан ауыр жарақатпен жеткізілген бір жарым жастағы бүлдіршінге шұғыл операция жасалып, оның өмірі сақталып қалды.


Баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған. Жарақат салдарынан ол ауыр жағдайда, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, жоғары білікті дәрігер-хирургтардың араласуымен алғашқы хирургиялық өңдеу мен шұғыл ота жасалды.


Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, баланың өміріне төнген қауіп сейілді. Қазіргі таңда бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы – тұрақты, оң динамика байқалады. Емдеу шаралары жалғасуда.


Аталған жағдай балалардың жарақат алу қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен қоғам үшін аса маңызды мәселе екенін тағы бір рет еске салады. Үй жағдайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкендердің басты міндеті.


Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және тұрмыстық техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу