ТҮРКІСТАН: Бір мектепте оқыған үшем үлкен өмірге қадам басты

0
140

Бір қызығы үш арудың болашаққа құрған армандары асқақ.


ТҮРКІСТАН: Бір мектепте оқыған үшем үлкен өмірге қадам басты

Сауран ауданындағы мектептердің бірінде үшем оқу бітірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектеп үшін биылғы соңғы қоңырау ерекшелігімен есте қалмақ. Себебі түлектер арасында үшем мектеппен қоштасты. Әмзе Дариға, Әмзе Забира, Әмзе Қасиет есімді үшемдер қарапайым отбасында тәрбиеленіп өскен.


Бір қызығы үш арудың болашаққа құрған армандары асқақ. Таңдап отырған мамандықтары да әртүрлі. Забира мен Дариға болашақта педагог-психолог мамандығын таңдаса, ал Қасиет менеджер болғысы келеді. Үшемдердің бойында өнерге деген құштарлық бар. Үшеуі қосылып ән шырқағанды ұнатады. Бала күнінен бірге өскен үш ару енді үлкен өмірге қадам баспақ.

Бөлісу