Кездесу нәтижесінде қос тарап сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын жан-жақты талқылады.
Ауғанстандық инвесторлар «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысына инвестиция тарту, экономиканы тұрақтандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында шетелдік инвесторлармен әріптестік байланыстар орнатып, тәжірибе алмасу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.
Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен Ауғанстан елінен келген инвесторлар Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды аралады. Делегация өкілдері алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Сонан соң «Ұлы Дала Елі» орталығы, Ясауи музейі және «Керуен сарай» кешенінің жұмысымен танысты.
Аралау жұмыстары Сауран ауданындағы «Шағын өнеркәсіптік паркінде» жалғасты. Мұнда инвесторлар өңірдің өндірістік әлеуетімен, паркте орналасқан кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, олар «UBS» халықаралық тоңазытқыш шығаратын зауыты мен жиһаз өндіретін «Aqniet Holding» кешенін аралады.
Кездесу барысында Талғат Қозбеков өңірде жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалар туралы баяндап, облыстың өндірістік және экономикалық әлеуетін таныстырды.
Ауғанстандық инвесторлар Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Кездесу нәтижесінде қос тарап сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын жан-жақты талқылады.


