ТҮРКІСТАН: Ашық әкімдікте талап-тілектер тыңдалды

0
69

Жауапты тұлғаларға әрбір шағымды мұқият қарауды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Ашық әкімдікте талап-тілектер тыңдалды

Бейсенбай Тәжібаев жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Жетісай, Сауран, Созақ аудандары,Кентау мен Түркістан қалаларынан келген тұрғындар білім беру және әлеуметтік салаларға қатысты мәселелерін жеткізді.


Кездесуде басқармалардың өкілдері арыз-өтініштерге байланысты ақпараттар берді. Қабылдауда көтерілген сұрақтардың басым бөлігі заңсыз жұмыстан босату, виртуалды оқуды қолға алу, дамыту орталығын ашу, құрылыс жүргізу бойынша талқыланды. Біріжеке проблемаларды ортаға салса, бірі қоғамдағы өзекті мәселелерге зер салуды ұсынды.


Бейсенбай Дәулетұлы талап-тілектердің барлығы Заң аясында зерделенетінін,бақылауында болатынын және оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты. Жауапты тұлғаларға әрбір шағымды мұқият қарауды тапсырды.


Айта кетейік, Б.Тәжібаев өзі жетекшілік ететін білім беру, денсаулықсақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағыттар негізінде «Ашық әкімдік» кеңсесінде ай сайын өңір тұрғындарымен бетпе-бет жүздесіп, ашық диалог құрады.

Бөлісу