ТҮРКІСТАН: Арыста жаңа аяқжолдар салынып жатыр

0
95

Түнгі жарықтандыру орнату жұмыстары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Арыста жаңа аяқжолдар салынып жатыр

Арыс қаласында жаңа аяқжолдар салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында тұрғындардың жайлы өмір сүруіне және балалардың қауіпсіз қозғалысына жағдай жасау мақсатында әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға жаңа аяқжолдар салу жұмыстары жүргізілуде.


Атап айтқанда, Тараз тұрғын ауданында бой көтеріп жатқан «Жайлы мектепке» апаратын жолда аяқжол төселіп, жарықтандыру орнатылып, асфальт жабындысы орнатылуда. Сонымен қатар Төле би көшесінен С.Нұрмағанбетов атындағы бастауыш мектепке дейінгі бағытта, П.Арапов көшесі бойында (Сырдария тұрғын ауданы) аяқжол салу жұмыстары қарқынды жүруде. Және Б.Отарбеков көшесінен С.Сейфуллин мектебіне дейін аяқжол салынады.


Бұдан бөлек, А.Тоқмағанбетов көшесіне аяқжол төсеу және жарықтандыру, сондай-ақ тұрғындар ұсынысымен Орталық пен Сырдарияны жалғайтын теміржолдың аспалы көпірінен Ғ.Мұстафин көшесіне дейін аяқжол салу, теппешек орнату және жарықтандыру жұмыстары қолға алынған.


Биыл К. Асанов, Жаңа жол, Балғынбеков көшелеріне түнгі жарықтандыру орнату жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы Қалау датқа шағын ауданында жаңа су жүйесі тартылған болса, биыл осы аудан көшелеріне толыққанды асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Бөлісу