ТҮРКІСТАН: Арыста заманауи ойын алаңшалары пайдалануға берілді

0
89

Бұл – бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі белсенді демалысына жасалған нақты мүмкіндік.


ТҮРКІСТАН: Арыста заманауи ойын алаңшалары пайдалануға берілді

Арыста 3 заманауи ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы елді мекендерде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда.


Арыс қаласында үш заманауи балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысандар Арбат аумағында, ШПЗ елді мекеніндегі Н.Ільясов көшесінің бойында және орталықтағы М.Жұмабаев көшесінде орнатылды. Әрбір ойын алаңы талапқа сай жабдықталған. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталған 10-нан астам ойын және дене шынықтыруға арналған элементтер орнатылған. Сонымен қатар алаң сәнді түнгі жарықшамдармен қамтылған. Бұл – бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі белсенді демалысына жасалған нақты мүмкіндік.


Жалпы, биыл Арыс қаласында 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Олардың 10-ы – қала аумағында, ал 7-еуі –ауылдық елді мекендерде орнатылды. Жобалардың барлығы заманауи талаптарға сәйкес жасалып, балалардың белсенді және қауіпсіз демалуына бағытталған.


Сонымен қатар қала орталығындағы А.Сүлейменов көшесі, Монтайтас және Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшаларын жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Айта кетейік, аталған жобалар қала әкімінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген ұсыныстар негізінде жүзеге асуда.

Бөлісу