ТҮРКІСТАН: Арыста сенбілікке 3 мыңнан астам тұрғын қатысты

0
129

987 түп ағаш көшеті отырғызылып, 20 арнайы техника жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: Арыста сенбілікке 3 мыңнан астам тұрғын қатысты

Арыста өткен сенбілікке 3 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында кең ауқымды тазалық пен көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Жалпы сенбілікке 3000-нан астам тұрғын қатысып, 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 987 түп ағаш көшеті отырғызылып, 20 арнайы техника жұмылдырылды.


Қала әкімі Қайсар Маңқараев бастап келген мемлекеттік қызметкерлер ардагерлермен, жастармен және осы аумақтағы тұрғындармен бірге «Арбат» аллеясында ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты.


Шара барысында қатысушылар Арбат саябағының аумағын қоқыстан тазартып, арықтарды ашып, жас көшеттерді отырғызды. Отырғызылған ағаштарға күтім жасау «Жасыл Арыс» КММ-нің қызметкерлеріне жүктелді.


Сонымен қатар қала әкімі жақында осы аумақта ашылған балалар ойын алаңшасына арнайы барып, бүлдіршіндермен тілдесті.


Қаланы көркейту мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл шараға арыстықтар ерекше қолдау білдіріп, мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болды.

Бөлісу