ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асыру жолдары пысықталды

0
108

Жиында жауапты басқарма басшыларының ұйымдастыру жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асыру жолдары пысықталды

Түркістан облысында әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асыру жолдары пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында әлеуметтік-мәдени бағытындағы жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтіп, биыл жоспарланған ірі мәдени-туристік іс-шаралар мен халықаралық жобалардың ұйымдастырылу барысы сараланды.


Жиында жауапты басқарма басшыларының ұйымдастыру жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлерітыңдалды.


Ертай Кенжебекұлы әлеуметтік-мәдени және туристік жобалардың өңір үшін маңызы зор екенін айтып, оларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақруханият саласында бірқатар бастамалар қолға алынып, жүзеге асып жатқанына тоқталып, республикалық, халықаралық шаралар – өңірімізге туристердің келуіне себеп болып жатқанын жеткізді.


Жиын соңында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеліп, жобалардың тиімді әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бөлісу