ТҮРКІСТАН: «Абаймен ойлан, Абаймен толған» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті

0
93

Ұлы ақын - Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: «Абаймен ойлан, Абаймен толған» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті

«Абаймен ойлан, Абаймен толған» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Ұлы ақын - Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Абаймен ойлан, Абаймен толған” атты онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.


Іс шараны Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы - Ұлжан Мұстафаева, ҚР жазушылар одағының мүшесі - Роза Нарымбетова, тарих ғылымдарының кандидаты - Баян Адырбек және “Фараб” кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова ашты.


Салтанатты шара барысы, онкүндік аясында атқарылған жұмыстардың бейнебаянын көрсетумен басталды. “Хонгресс Холл көпсалалы кешенінің”, “Алқоңыр” оркестрі, әншілері және скрипкада ойналған жанды дауыстағы Абай әндері, оқылған өлеңдері келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Шараға Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы - Бақытжан Бейсембаев, ақын - Мұхит Мақажанов, Сауран аудандық маслихат депутаты -Хуршид Шарапов арнайы қатысып сөз сөйлеп, Абайдың өмірі жайлы кеңінен тарқатып, шығармашылығының маңыздылығына тоқталып өтті.


Түркістан ОКЖ, Кентау ОКЖ, Сауран ОКЖ және Түркітілдесхалықтары кітапханасының арнайы жасақталған кітап көрмесі қонақтар мен оқырмандар назарына ұсынылды.

Бөлісу