«Тула жүрек». Түркістанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай поэзия кеші өтті

0
119

Шараның мақсаты – ақынның рухани мұрасын заманауи форматта насихаттау және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.


«Тула жүрек». Түркістанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай поэзия кеші өтті

Түркістанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Тула жүрек» атты поэзия кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Түнгі кітапхана» жобасы аясында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Тула жүрек» атты поэзия кеші өтті. Шараның мақсаты – ақынның рухани мұрасын заманауи форматта насихаттау және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.


Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылды. Поэзияға жаны құмар жастар мен «Ұлттық ұланның» 5574 әскери бөлімінің сарбаздары ақын жырларын мәнерлеп оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, ашық микрофон форматында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар Мұқағали поэзиясындағы адам, махаббат, өмір және туған жер тақырыптары төңірегінде ой бөлісті.


Шара барысында Қазақстанның құрметті журналисі Роза Нарымбетова, ардақты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Несіпкүл Өтебаева, ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, журналист, ұстаз Бекжігіт Сердәлі сөз сөйлеп, кештің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жыр кешіне ақын-жазушылар, журналистер, кітапхана оқырмандары, жастар қауымы қатысты. Кеш соңында кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы жүрекжарды лебізін білдіріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұжымға және қонақтарға алғысын білдірді..

Бөлісу