Жалпы, 2 мыңға жуық адам сенбілік жұмыстарына қатысып, 13 техника жұмылдырылды.
Қазығұртта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазығұрт ауданында табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бүкілхалықтық сенбілік өтті.
Ауқымды шараға аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, жастар және жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Жалпы, 2 мыңға жуық адам сенбілік жұмыстарына қатысып, 13 техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары нәтижесінде 8,4 тонна қоқыс шығарылып, арнайы орынға жеткізілді.
Тазалық жұмыстары барысында ауыл ішіндегі көшелер, саябақтар, аулалар, арық-атыздар мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар ағаш түптері әктеліп, гүлзарлар ретке келтірілді, су арналары тазартылды. Мұндай ауқымды сенбіліктер алдағы уақытта ауданның барлық ауылдық округтерінде жүйелі түрде өткізіледі.