РЕСПУБЛИКА КҮНІ: Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды

0
93

Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған.


РЕСПУБЛИКА КҮНІ: Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды

Республика күніне орай Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретінмектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған. Салтанатты шарағаТүркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады.


– Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленетін Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 3-ші білім ұясы іске қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әрбір оқушының білім алып, жан‑жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»делінген тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асты. Бұл – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Ол үшін Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз! Республика көлемінде«Келешек мектептері»жобасы арқылы 217 мектеп бой көтерсе, соның29-ы немесе 13% біздің өңірде салынды. Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектептің 1100-ден астамы немесе 14% Түркістан облысында орналасқан. Облысымызда 550 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өңірімізде оқушы саны жыл сайын артып келеді, – деді Нұралхан Көшеров.


Мектеп құрылысы 2023 жылы басталып, биылтолық аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 3 гектарды алып жатқан мектептіңауданы – 8 334 шаршы метр. Үш қабатты заманауи ғимарат бір ауысымда600 оқушыны қабылдауға қауқарлы. Оқу ордасында 180 орындық асхана, 30 орындық оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, 3 шеберхана, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи жабдықталған оқу кабинеттері қарастырылған.


Шара барысында қонақтар оқу кабинеттерін, кітапхана мен спорт залын аралап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты. Мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және зияткер ұрпақ қалыптастыруға зор үлес қосады деп күтілуде.


Сауран ауданында қазіргі таңда 24 мыңнан астам оқушы білім алып жатқан 60-тан аса мектеп жұмыс істейді. Аудандағы демографиялық өсім жыл сайын артып келеді – бұл өз кезегінде жаңа мектептердің салынуын талап етеді.


Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында барлығы 29 «Келешек мектебі» салынды. Өткен жылы 13 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылынан бері тағы 10 мектеп ашылды. Жыл соңында дейін 6келешек мектеп ел игілігіне беріледі.

Бөлісу