«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: Сарыағашта каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді

0
387

Акция барысында «Қасымтөмен» каналына арнайы техниканың көмегімен механикалық тазалаудан өткізді.


«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: Сарыағашта каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді

Сарыағаш ауданында каналдарға техникалық тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекеніндегі «Қасымтөмен» каналына техникалық тазалау жұмыстары жүргізілді.


Акция барысында «Қасымтөмен» каналына арнайы техниканың көмегімен механикалық тазалаудан өткізді. Нәтижесінде негізгі жоспарланған 1,5 шақырым аумағы шөп-шаламнан, тұнбалардан, қоқыс шөгінділерінен арылып, су өткізу қабілеті жақсарды.


«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Дербісек ауылдық округ аумағында орналасқан ұзындығы 10 шақырым болатын Киров-Таболин қашыртқы арнасының 1 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілді. Сонымен қатар Көктерек ауылдық округі маңынан өтетін, республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойында орналасқан, Келес өзені көпірі айналасын шөптерін ору, бей-берекет тасталған қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді.