«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: Ордабасыда жәрмеңке өтті

0
110

70-тен астам кәсіпкер атсалысты.


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: Ордабасыда жәрмеңке өтті

Ордабасыда «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы бойынша 5 түрлі санатқа жататын 3 450 мектеп жасындағы баланың ата-аналарының шотына 46 228 теңге көлемінде қаржы аударылды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Темірлан елді мекенінің орталық алаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында ауқымды жәрмеңке өтті.


Жәрмеңкеге Шымкент қаласының «Авто-Нұр» ЖШС сауда орталығы және аудан орталығында кәсібін дөңгелетіп отырған 70-тен астам кәсіпкер атсалысты. Олар жаңа оқу жылына қажетті мектеп киімдерін, кеңсе тауарларын және өзге де қажетті құрал-жабдықтарды нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағада ұсынды. Сондай-ақ, жаны жомарт азаматтарды қайырымдылық іс-шараға тарту арқылы аудан әкімдігі мен білім бөлімі жәрмеңке барысында 310 балаға қосымша қолдау көрсетіп, ақшалай қаражатпен қатар киім-кешек және мектепке қажетті кеңсе тауарларын табыс етті.


«Мектепке жол» республикалық акциясының негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.

Бөлісу