Конституциялық реформа — құқықтық құжатты жаңарту ғана емес

0
142

Бұл — азаматтардың өз құқықтарын тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қорғай алуына мүмкіндік беретін маңызды негіз.


Конституциялық реформа — құқықтық құжатты жаңарту ғана емес

Бәріңіз білетіндей, елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп, жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл мемлекетті басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі тиімді қорғауға, сондай-ақ қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызы бар қадам деп санаймын.

Ұсынылып отырған өзгерістердің басты артықшылықтарының бірі — адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту. Конституцияда әрбір азаматтың заң алдындағы теңдігі, жеке басының қадір-қасиеті, меншік құқығы, еңбек ету, білім алу және әлеуметтік қолдау алу құқықтары нақты әрі айқын тетіктер арқылы бекітіледі. Бұл — азаматтардың өз құқықтарын тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қорғай алуына мүмкіндік беретін маңызды негіз.


Сонымен қатар, реформааясында әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары нығая түспек. Конституциялық деңгейде мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтарды қорғау, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау сияқты міндеттер нақты бекітіледі. Бұл өзгерістер халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Маңызды жаңалықтардың бірі — жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін күшейту және өңірлердің өкілеттігін кеңейту. Конституцияда мәслихаттардың рөлі мен жауапкершілігі нақты айқындалып, жергілікті деңгейде шешім қабылдауда халықтың пікірін ескеруге кеңірек мүмкіндік беріледі. Бұл өз кезегінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетіп, тұрғындардың нақты мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге жол ашады.

Сондай-ақ, реформа шеңберінде сот жүйесінің тәуелсіздігін және әділ сотқа қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр. Бұл — заң үстемдігін нығайтудың, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырудың және кез келген даулы мәселені әділ әрі ашық жолмен шешудің басты кепілі.

Осы тұрғыдан алғанда, Конституциялық реформа — бұл тек құқықтық құжатты жаңарту ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі өзгерістер жиынтығы. Біз, жергілікті өкілді органның мүшесі ретінде бұл бастаманы қолдай отырып, оның өңірлердің дамуына және әрбір азаматтың әл-ауқатының артуына нақты үлес қосатынына сенім білдіреміз.

Мағауия Тұрысбеков,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Бөлісу