«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Сарыағаш ауданындағы көшелерге асфальт төселіп жатыр

0
143

Жөндеу жұмыстарын бақылау барысында Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Сарыағаш ауданындағы көшелерге асфальт төселіп жатыр

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданындағы көшелерге асфальт төселуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, Дербісек ауылдық округінде ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу жұмыстары басталып, қазіргі таңда асфальт төсеу қарқынды жүріп жатыр.


Аталған жобаның орындалу барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы танысып, құрылыс нысандарын аралап шықты. Аудан басшысы жол жөндеу сапасына ерекше мән беріп, мердігер ұйымдарға жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар сала басшысына жол сапасына бақылауды күшейтуді жүктеді.


Дербісек ауылдық округі бойынша 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар екі мердігер мекеме тарапынан жүзеге асуда. Оның ішінде, 15 көшені жөндеуді «Bairkum company» ЖШС қолға алса, қалған 16 көшенің құрылысына «Artd group» ЖШС жауапты. Қазіргі уақытта «Artd group» ЖШС асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын бастады.


Жөндеу жұмыстарын бақылау барысында Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Салаға жауапты басшыларға тапсырмалар берді.

Бөлісу