«Алтын күз – 2025»: Бәйдібектегі ауылдық округтерге арнайы техникалар табысталды

0
91

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


«Алтын күз – 2025»: Бәйдібектегі ауылдық округтерге арнайы техникалар табысталды

Бәйдібекте «Алтын күз – 2025» мерекесі тойланып, ауылдық округтерге арнайы техникалар табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Алтын күз – береке мен ырыстың бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Дәстүрлі мереке ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсету және күзгі науқанның қорытындысын атап өту мақсатында ұйымдастырылды.


Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев көпшілікті мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғыс білдірді.


Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан еңбек озаттарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.


«Алтын күз – 2025» мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы саласын қолдау және елді мекендердің техникалық әлеуетін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктеріне 11 трактор тіркемесі, 3 жүк тиегіш (погрузчик) және аудандық мәдениет үйіне 1 автокөлік (газель) табысталды. Бұл қадам – ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасын нығайтып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.


Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу