Өмірде біз әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасаймыз. Арасында жағымды энергия сыйлайтындары да, керісінше, ішімізді ауырлатып, көңіл-күйімізді түсіретін – уытты адамдар да кездеседі. Ондай адамдармен сөйлескеннен кейін өзімізді шаршап, ашуланып, әлсіреп қалғандай сезінеміз. Бұл – олардың жағымсыз энергиясының бізге өтіп кеткенінің белгісі.
Кейде өзімізге жат, ауыр энергиямен бетпе-бет келеміз. Бұл ұрыс-керіс, реніш, тіл тигізу, қызғаныш, тіпті қарғыс сияқты жағымсыз жағдайлар болуы мүмкін.
Егер мұндай энергияны үнемі жинай берсек, ол біздің денсаулығымызға, рухани тепе-теңдігімізге, тіпті өмірлік бағытымызға да кері әсер етеді. Мұндай сәттер адамның энергиясына қатты әсер етіп, шаршап қалуға, көңіл-күйдің түсіп кетуіне немесе денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан осындай сәттерден кейін өзіңді тазарту мен қалпына келтіру өте маңызды. Міне, сол үшін көмектесетін қарапайым, бірақ өте тиімді 5 тәсілді ұсынамыз.
Жаман энергияны сумен жуып тастаңыз
Егер біреумен ауыр сөйлесіп, көңіліңіз түсіп, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бетіңізді, екі қолыңызды ағын сумен жуыңыз.
Қолдарыңызды кем дегенде бір минут суға тосып тұрыңыз. Судың ерекше қасиеті – теріс энергияны бойына сіңіріп, сізді тазартуға көмектеседі. Бұл ішкі ауырлықтан арылудың ең қарапайым әрі тиімді әдісі.
Басқа адамдардың сөздерінен қорғаныңыз
Әр сөздің энергиясы бар. Тіпті мақтау мен қызғаныштың өзі зиян тигізуі мүмкін. Егер біреу сізге біртүрлі, жағымсыз сөз айтса, іштей немесе жай дауыспен былай деңіз: «Жақсы сөз болса – қалсын, жаман болса – өзіңмен кетсін»
Бұл сөздер сізді сөздің жағымсыз әсерінен қорғайды және ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Негативті иесіне қайтарыңыз
Егер біреу сізге балағат сөз айтып, ашуын төгіп, қарғыс жаудырса - іштей немесе ақырын дауыспен былай деп жауап беріңіз: «Өз сөздерің өзіңе қайтсын»
Бұл сөз - өзіңізге бағытталған теріс энергияны қабылдамай, кері қайтарудың жолы. Осылайша, сіз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізді таза күйінде сақтап қаласыз.
Ауырлықты ағашқа беріңіз
Ауыр әңгімеден кейін жақын жерден ағаш не бұта тауып, оларға сол қолыңызбен жеңіл ғана қол тигізіңіз. Сол қол – энергетиканы жіберетін қол. Қолыңызды тигізіп тұрып, іштей былай деңіз: «Бар жамандық, ауырлық менің бойымнан кетсін, жерге сіңсін»
Бұл тәсілді 2-3 минут іштей айтып тұрыңыз. Ағаштың немесе жердің қуаты теріс энергияны өзіне тартып алады.
Теріс энергияны жерге көміңіз
Сіріңке жағып, оның жалынына қарап тұрып, ойша ішкі негативіңіздің отқа беріліп жатқанын елестетіңіз. Содан кейін сіріңкені сөндіріп, гүл салынған топыраққа не сырттағы жерге көміп тастаңыз. Бұл сіздің жаман энергиядан арылып, жер арқылы сол жаман ойдан, негативтен құтылғаныңызды білдіретін символикалық қадам.
Негативтің салдарынан энергияның жоғалуы, эмоциялық күйзеліс ұзақ уақытқа созылып, өмір сапасына кері әсер етсе, психологтың көмегіне жүгіну қажет. Бұл әлсіздік емес, керісінше өзіңе деген жауапкершіліктің белгісі.