БАҚЫТТЫ БОЛҒЫСЫ КЕЛГЕН әйел - НАШАР әйел ме?

0
211

Мінсіз әйел болу үшін өте үлкен құн төлеу керек: денсаулық, сұлулық, махаббат.


БАҚЫТТЫ БОЛҒЫСЫ КЕЛГЕН әйел - НАШАР әйел ме?

көрнекілік сурет: pinterest.com

Бізде әйел барлығына ұнап, барлығының көңілінен шығу керек, өзінен басқаның барлығын ойлауы тиіс деген мықты стереотип қалыптасқан. Көптеген әйелдер жақсы болуға тырысып бағады. Нәтижесінде, өзін жоғалтады. Ал әйел өзін бақытты сезініп, өзі үшін бәрнәрсе жасаса онда ол нашар әйелге айналады.


Жақсы әйелдің портреті

Негізі ең жақсы, мінсіз әйел былай сипатталады:

  • Өз-өзіне күтім жасаған, жинақы, таза.
  • Жолдасын күліп қарсы алып, күліп шығарып салады. Киімдері таза, жататын жері таза, тамағы тоқ. Ішімдік ішпейді, ақшасын шашпайды.
  • Өз үйі бар, оны өте ұқыпты, таза ұстайды, бәрі реттелген, әр затты өз орнында тұрады.
  • Тамақты кез келген аспаздан артық жасайды, неше түрлі пісірмелер дайындайды, бір сөзбен айтқанда нағыз ас.
  • Балалардың киімі үтіктелген, бір қыртысы жоқ, таза, тамағы тоқ, тәулік бойы мінсіз ананың қамқорлығында, мейірімге бөленіп жүр.

Дәл осындай жағдайда өмір сүретін әйел ең бақыттылардың бірі болуы міндетті сияқты саналады. Ол әйелде бәрі бар, ендеше ол үнемі жақсы көңіл-күйде, күліп жүруі керек.

Енді іс жүзінде қарайық. Күйеуіне, балаларына, үй күтіміне мінсіз деңгейде қарап, оның арасында жолдасыңның көңілінен шығу үшін уақыт пен жігер керек. Жоғарыдағы мінсіз әйел істейтін істерді кәдімгі әйел істей алуы мүмкін емес. Себебі, киім үтіктеу 1 сағат уақыт алса, үйді жинауға кемі 2 сағат кетеді. Балалар мен күйеуінің 3 мезгіл тамағын дайындап беруге тағы бірнеше сағат, арасында балаларды шомылдыру, кір жуу, оны жинау, қонақ күту тағы басқа толып жатқан істер.

Тағы балалардың сабағына қарау, душқа түсу, дүкенге бару, ата-ененің көңілін табу немесе барып жағдайын білу, тамақтану, тырнаққа, бетке күтім жасау тағы бар. Оған қоса түнгі жұмыс бар. Осылай жүріп, өз-өзіңді дамытуың керек. Ал енді назар аударыңыз! Егер әйел осы істің барлығын істеп, мінсіз әйел болуға тырысқан сайын, жүйкесі тозған, ашушаң нашар әйелге айналады. Бар жүк иығында, сыттай күліп жүргенімен іштей бәрін, бар ісін жек көреді, соның ішінде өзін де. Себебі сол иірімнен шығатын жол таба алмайды, ары қарай жалғастыра беруге жүйкесі де, ағзасы да шаршаған.


"Нашар әйел"

Ал нашар әйел абыл-сабыл өмір сүреді. Бірақ бұл деген салақ немесе балаларына, үйіне қарамайды деген емес. Тұрмыстық тазалықты сақтайды, балаларының дамуына көмектеседі, тамақты да пісіреді. Алайда оның тартпасында жағуға келмейтін далап немесе мерзімі өткен крем жатуы мүмкін. Киімдерінің арасында балаларының шұлығы араласып кетуі де, кей сөрелердегі шаңның аптасына бір мәрте ғана сүртілуі де ғажап емес. Кейде тоңазытқышта тамақ қалмай, ішіндегі азығы бүлінуі мүмкін. Сенбі күндері қалағанынша демалып тұрады, қалаған сериалын көреді. Ол мінсіз әйел статусы үшін өзін құрбан етпейді.

Шынымен жалқауланады, жағдайға қарай бейімделеді, перфекционизмге емес жайлылыққа ұмтылады. Мұндай әйелдер мейірімді, күтімі жасалған, бақытты, кейде көңілі түседі, жылап та алады. Яғни шынайы болудан қорықпайды. Дәл осындай жандарға мінсіз әйелдер іштей қызғанышпен қарайды. Осылай жасай алмағаны үшін өзін кінәлайды.


Бірақ, жолдасы әйелім мінсіз емес демей оны мақтан етіп отырады, балалары ешқайда қашып кетпей, құшағына тығылады. Себебі, аналары шынайы күле біледі, балаларына мейірім төге қарап, күлуге уақыты бар.


Мінсіз әйел болу үшін өте үлкен құн төлеу керек: денсаулық, сұлулық, махаббат. Өзгелерге мінсіз, бақытты болып көріну үшін осындай құрбандыққа баруға бола ма? Мүмкін, өзіңізге ыңғайлы, жайлы өмір сүрген дұрыс шығар.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.