Тег: жаңалықтар

Қазақстанның кей қалаларында жалға берілетін баспана бағасы төмендей бастады

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін алғашқы апталарда жалға беру бағасы өскен қалаларда жалдау ақысы төмендей бастады.

Дзюдо: Қазақстандықтар әлем чемпионатының жекелей сынын 2 медальмен аяқтады

Татамиде бүгін Қазақстан намысын әйелдер арасында Кәмила Берліқаш пен ерлерден Ерасыл Қажыбаев қорғады.

Оңтүстік Корея Ресей азаматтарын кіргізуден бас тартты

Ресейдің 20-дан астам азаматы Ресей порттарынан Азия еліне жүзіп келді, бірақ көпшілігіне кіруге рұқсат берілген жоқ.

Жомарт Тоқаев жаңа командаға ауысты

"Сибиряк" командасы сапынан кетуді Тоқаевтың өзі қабылдаған.

Жәрдемақының тоғыз түрін автоматты режимде алуға болады

​Қазақстанда "Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесін енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтерді проактивті (электронды үлгіде) көрсету үшін 20 мың адамға SMS жолданған.

Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды

Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тараған.

Жетісу облысында аттан құлаған 6 жасар бала мерт болды

Бала шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған.

Ақордада Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу шарасы өтті

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше футболшысы Черногорияға қарсы кездесуге қатыспайды

Черногория мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу бүгін, 12 қазан күні Подгорица қаласында өтеді.

Ер адамның жамбасын сындырған бір топ күркетауық өлім жазасына кесілді

Ер адамға күркетауықтар шабуыл жасаған. Соның салдарынан ол енді ұзақ уақыт аурухана төсегіне таңылмақ.