Сурет: ЖИ
Жаз мезгілі – жарқын сәттер мен демалыс уақыты ғана емес, терімізге ерекше күтім қажет кезең. Күннің қызуы бізге қуаныш сыйлағанымен, ультракүлгін сәулелері терінің ерте қартаюына, құрғауына және дақ түсуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан сенімді SPF өнімін таңдау сұлулық пен жастықты сақтаудың ең алғашқы шарты.
Бүгінде косметика әлемінде бетте майлы із қалдырмайтын, макияжбен керемет үйлесетін және теріні ішінен ылғалдандыратын инновациялық өнімдер өте көп. Сіздер үшін қаланың аптап ыстығында да, теңіз жағасындағы демалыста да теріңіздің мінсіз қорғанысы мен күтімін қамтамасыз ететін күннен қорғайтын өнімдерді іріктеп алдық. Ең үздік 10 түрі төменде.
1. Expert Sun SPF 50+ мөлдір стигі, Shiseido
Күнделікті өмірде де, теңіз жағасындағы демалысқа да арналған таптырмас нұсқа. Шағын, сөмкеге сала салуға ыңғайлы, мөлдір әрі жеңіл. Теріде білінбейді, із қалдырмайды және макияжбен астасып кетеді. Ең бастысы, Күннің қызуы мен ылғал тигенде белсенді жұмыс істей бастайды. Құрамында ультракүлгін сүзгілермен (УФ-фильтр) қатар, күтім жасайтын компоненттер: арган майы, мия тамырының сығындысы және соя лецитині бар.
2. SPF 50+ Brume Solaire Embellissante бүріккіш спрейі, Clarins
Өнім теріге жібектей жеңіл жағылады. Теріде майлы қабат түзбейді. Суға жуылып кетпейді. Өнім бір уақытта бірнеше бағытта жұмыс істейді: ультракүлгін сәулелердің барлық түрлерінен, сондай-ақ көгілдір жарықтан (егер демалысыңыз жағажай мен экран арасында өтсе) қорғайды. Қорғанысқа Solar Protect кешені жауап берсе, терінің сыртқы келбетіне бос радикалдармен күресетін какаоның органикалық сығындысы мен Е витаминінің туындысы жауап береді.
3. SPF 50 Lumicity флюиді, Valmont
Бұл флюид – айналада металдар мен бетон қоршаған қаланың ыстығына өте ыңғайлы нұсқа. Әсіресе жас ұлғаюына байланысты өзгер бастаған теріге жақсы әсер етеді. Макияж астына негіз (база) ретінде жақса, теріге нәзік жарқыл береді. Жеңіл текстурасы теріге жақсы сіңеді, жабысқақ болмайды және күні бойы ылғалдылық деңгейін сақтайды. Құрамында: аэропоника технологиясымен өсірілген жеті альпілік өсімдік пен ақ тұт кешені бар. Бұл технология флюидтің тиімділігін арттырып, терінің серпімділігі мен жарқылын қайтару үшін табиғи процестерді белсендіруге көмектеседі.
4. SPF 50+ Photoderm кремі, Bioderma
Ерекше күтімді талап ететін сезімтал теріге арналған нұсқа. Бұл кремнің негізінде ультракүлгін сүзгілер мен патенттелген биологиялық қорғанысты біріктіретін технология жатыр. Ол терінің А және В типті сәулелерден қорғанысын күшейтуге көмектеседі. Сонымен қатар, формула теріні ылғалдандырады. Майлы қабық, ақ дақтар және өзге де іздер қалдырмайды. Текстурасы жайлы, жаққан кезде түссіз болып қалады. Жаққаннан кейін біраздан соң тері барқыттай жұмсақ болады. Макияж астына жақсы негіз болады.
5. SPF50+ Anthelios Uvmune400 көрінбейтін флюиді, La Roche-Posay
Бұл флюид он жылдан астам уақытқа созылған зерттеулердің нәтижесінде пайда болған. болды. Өнім терінің барлық түрлеріне жарамды. Суға, терге және құмға төзімді. Сегіз сағатқа дейін ылғалдандырады, ақ із қалдырмайды. Жағымды бонусы: өнімнің иісі жоқ.
6. Bariesun Moisturizing Dry Mist SPF 50+ сезімтал теріге арналған бүріккіш-тұман, Uriage
Өнім тек қызықты (теріге құрғақ тұман тәрізді бүркіледі) ғана емес, сонымен бірге қуатты. Бет пен денеге жарамды. Оңай әрі тез жағылады. Құрамында спирт жоқ және гипоаллергенді, сонымен қатар суда өз қасиеттерін сақтайды. Текстурасы көрінбейді (сүзгілер, «Урьяж» термалды суы және Е, С витаминдері негізінде алынған), жабысқақ емес, ақ дақтар мен теріге қуыруға арналған май жаққандай әсер қалдырмайды.
7. Ultra Shield Sun Cream SPF50+PA++++ ультра қорғаныс кремі, Genosys
А және В сәулелерінің кең спектрінен сенімді қорғайтын бұл құрал жай ғана тосқауыл рөлімен шектелмейді. Ол жазғы күннен зардап шегетін теріге белсенді күтім жасайды. Розацеа және акне (безеу) ауруларынан зардап шегетіндерге көмектеседі. Церамид NP мен өсімдік сығындыларынан тұратын кешен терінің қабынуын азайтады, тропикалық кешен оны антиоксиданттармен байытады, ал өте төмен молекулалық гиалурон қышқылы MicroHA және лактобактериялар ферменті ProbioMETA мегаполисте күнделікті кездесетін сыртқы факторлардан (шаң, кір) қорғау мен қалпына келтіруді өз мойнына алады.
8. SPF 50 Ultra UV Protective Daily Moisturiser Hydrating ылғалдандырғыш кремі, Ultraceuticals
Бұл крем – косметологтардың сүйікті өнімі. Фотоқартаю мен әжімдердің алдын алу үшін жұмыс істейді. Аустралиялық брендтің өұрамында классикалық, бірақ тиімді жиынтық бар: ниацинамид, гиалурон қышқылы, пантенол және ши майы. Олар бірге терінің қорғаныс тосқауылын және жарқылын күшейтеді.
9. SPF 50+ помада ағашының құрғақ майы, Ligne St Barth
Кариб аралдарында негізі қаланған брендтің мамандары күннен қорғайтын және күнге күюге арналған өнімдерді өте жақсы түсінеді. Бұл спрей әдемі күйгісі келетіндерге арналған. Химиялық сүзгілері бар формула А- және В- сәулелерінен қорғайды, провитамин А күнге күюді біркелкі етеді. Құрамында 90%-дан астам табиғи ингредиенттер, майлар және өсімдік сығындылары бар. Текстурасы өте жеңіл және тез сіңеді. Бонус ретінде теңіздің сергітетін ноталары бар хош иісі бар.
10. Madagascar Centella Hyalu-Cica Water-Fit Sun Serum SPF50+ PA++++ сарысуы, SKIN1004
Күннен қорғауға арналған корейлік хит өнімдердің бірі. Жазды қалада өткізетіндер үшін жақсы нұсқа. Сарысу ультракүлгін сәулелерден қорғайды, теріні тыныштандырады және артық назарды талап етпейді. Жеңіл текстурасы тез сіңеді, жабысқақтық та, ақ дақтардың белгісі де қалмайды. Өнімнің негізінде фототұрақты сүзгілер өз жұмысын істеп жатқанда, ылғалдандыру мен тосқауылды қалпына келтіруге жауап беретін центелла мен гиалурон қышқылының дуэті жатыр. Формула ниацинамидпен, аденозинмен және өсімдік сығындыларымен толықтырылған, сондықтан теріңіз (тіпті ұйқыңыз қанбаса да) жақсы ұйықтап тұрғандай балғын көрінеді.
Соңғы таңдау сіздің теріңіздің түріне және өмір салтыңызға байланысты: күнделікті өмір үшін жеңіл флюидтер мен сығындылар тиімді болса, белсенді демалыс сәттерінде суға төзімді спрейлер мен шағын стиктер серігіңіз болмақ.
Ең бастысы, SPF құрал қолдануды күнделікті әдетке айналдыру. Теріңіздің ерекшелігіне сай келетін өнімді таңдап, жаздың әр күнін теріңіздің денсаулығы мен сұлулығына зиян келтірмей, жарқын көңіл-күймен өткізіңіз!
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


