​Күнге шығарда «ҚОРҒАУСЫЗ» қалмаңыз!

0
433

Алдымызда аптап ыстықтың мезгілі. Ыстық ауа райының да кей адамға жағымды көңіл-күй сыйлағанымен, оның зардабы да бар екендігін ұмытпағандарыңыз жөн.


​Күнге шығарда «ҚОРҒАУСЫЗ» қалмаңыз!

фото: kk.sgconline.org

Біздің терімізге күн нұрының жылулығы тарағанымен, мұның терінің тез қартаюына да әсері барын біле жүргеніңіз абзал.

«Күн сәулесі денсаулыққа пайдалы» деген түсінік белгілі бір мөлшерде ғана дұрыс. Өйткені, күн сәулесін қабылдайтын нақты уақыт бар. Қалған уақыттарда ультракүлгін сәулелерінің зиянды жақтары басым. Теріге тікелей түскен ультракүлгін сәулесі теріні күйдіріп, ДНҚ-ға зиянын тигізеді. Сондықтан, SPF кремін қолдану әрбір адам үшін қажетті.


Күн нұры өмірге сәуле шаша ма әлде «қорқыныш» па?

Әлбетте, күн сәулесінің адам өміріндегі маңызды орны бар. Ол ағзадағы D дәруменінің түзілуіне жағдай жасайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммундық жүйенің жұмысын нығайтады. Сондай-ақ зиянын да тигізіп үлгереді.


Күн сәулесі 3 түрге бөлінеді

UVA сәулесі - тері келткаларының терең қабаттарына еніп, олардың түзілуін өзгертеді. Нәтижесінде әжімдер түсіп, тері ерте қартаюды бастайды.

UVB сәулесі - терінің беткі қабатын зақымдайды. Осы сәуле терінің күйіп кетуіне және рак клеткаларының өсуіне алып келуі мүмкін.

UVC сәулесі – бұл сәуле атмосфера тарапынан бөгеліп, жерге толықтай жетпейді. Сіз бұл сәулені көзіңізбен көрмейсіз, денеңізбен сезбейсіз, бірақ уақыт өткен сайын оның жангама әсері біліне бастайды. Ғалымдардың айтуынша, SPF кремін үздіксіз қолданған адамдардың терісі 20 жылда 24 пайызға кеш қартаяды. Күннен қорғану – бұл жастықтың да, денсаулықтың да кепілі.


SPF деген не, ол не үшін қажет?

SPF (Sun Protection Factor) – күннен қорғау факторы, SPF 15, SPF 30 немесе SPF 50 сияқты сандар теріні күннен қанша уақытқа дейін қорғайтынын көрсетеді. Осы кремдердің бірі күнделікті қолданғаныңыз жөн.


SPF кремін қалай таңдау керек?

Күн сәулесінің зиянынан қорғайтын кремдер негізі 2 түрге бөлінеді.

1)Физикалық (минералды) қорғаушы – күн сәулесін шағылыстырып, олардың теріге енгізбейді. Мұндай кремнің құрамында цинк оксиді және титан диоксиді болады. Бұл компонеттер аллергияға бейім және сезімтал тері иелеріне ұсынылады.

2)Химиялық қорғаушы-ультракүлгін сәулесін теріге сіңіргенімен, оларды зарарсыздандырады. Құрамында авобензон, октиноксат, оксибензон сияқты заттар бар. Бұл крем майлы тері иелеріне арналған.


фото: ru.pinterest.com

SPF кремін дұрыс таңдау

SPF кремін таңдағанда біріншіден терінің түр-түсіне мән беріңіз.

*Майлы теріге – жеңіл, гель түріндегі немесе сұйықтың негізіндегі SPF кремдері лайықты. Себебі, ол терінің қосымша майлануын болдырмайды.

*Құрғақ теріге – ылғалдандырғыш құрамы бар (гиалурон қышқылы, алоэ вера, глицерин) SPF кремі жақсы.

*Сезімтал тері үшін – цинк оксиді және титан диоксиді бар минералды SPF кремі теріні қауіпсіз қорғайды.

*Балалар мен жасөспірімдер үшін – бала терісіне лайықталған, иісі жоқ, гипоаллергенді SPF кремдерін таңдағаныңыз жөн.


SPF кремін қолданудың негізгі 4 ережесі

1.Кремді сыртқа шығардан 15-30 минут бұрын жағу керек. Бұл уақыт аралығында крем теріге сіңіп, нәтижелі жұмысқа дайын болады.

2.Сағат сайын қайтадан крем жағу маңызды. Себебі, крем теріге сіңсе де, терлегенде, жуынғанда немесе қолыңызды сүрткенде оның әсері азаяды.

3.Жауын-шашынды күндері де қолданыңыз. Бұл ең маңызды ережелердің бірі. Өйткені, бұлтты күн болса да ультракүлгін сәулесінің 80 пайызы өтеді. Демек, теріңіздің күнге күйіп жатқанын байқамай қалуыңыз да мүмкін.

4.SPF 30 немесе одан да жоғары деңгейлі кремді таңдаңыз. Егер сіз күн састында көп жүретін болсаңыз, SPF 50 кремі сіз үшін ең лайықтысы.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ақ шашты қарайтуға бола ма?


Үй жағдайында ҚОЛТЫҚ ИІСІн кетірудің әдісі