Ақ шашты қарайтуға бола ма?

0
243

Ерте жаста шаштың ағаруын емдеуге бола ма?


Ақ шашты қарайтуға бола ма?

фото: lifeextension.com

Шашқа ақ түсуі егде жаста байқалады деген стеоротип әлдеқашан күн тәртібінен түсіп қалған сияқты. Өйткені, ақ шаш қартайғанда ғана түспейді. Әсіресе, қазіргі таңда жастар арасында да белең алып жатыр. Оның себебі де әртүрлі.

Шаштың түсі оның фолликулаларындағы меланоциттер жасушаларының өндірген меланин пигментінің мөлшеріне байланысты. Уақыт өте меланоциттер біртіндеп азаяды немесе меланин синтезінде жауап беретін ферменттердің белсенділігі төмендейді. Нәтижесінде шаш ақ немесе сұр түске айналады.


Генетикалық факторлар

Егер ата‑бабаларыңызда 20–30 жастан бастап ағарып кеткендер көп болса, сіздің де шашыңыз ерте ағаруға бейім болады. Ерте ағару әдетте тұқым қуалайды.


Стресс және өмір салты

Созылмалы стресс кезінде ағзада кортизол тәрізді стресс‑гормондары көп бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей, жоғары стресс меланоциттерді зақымдап, олардың қызметін бұзады, бұл шаштың ерте ағаруына ықпал етеді.


Денсаулық жағдайлары мен аурулар

Кейбір эндокриндік аурулар (қант диабеті, қалқанша безінің бұзылыстары), темір (анемия) немесе B12 витамині жетіспеушілігі, автоиммундық патологиялар (витилиго, иммундық система шабуылы) шаштың пигментациясын бұзып, ағаруды жылдамдатады.


фото: tolqyn.kz

Қоректік заттардың жеткіліксіздігі

Меланин өндірісі үшін маңызды элементтер: темір, мырыш, меди, йод; дәрумендер A, C, E, B12 және биотин. Олардың жеткіліксіздігі шаш фолликулаларының қалыпты қызметін бұзады.


Ағарған шашты қарайту жолдары

1. Химиялық бояу әдістері

Әмбебап (әсерлі) бояулар

Әдетте  аммиак пен окислент (сутегі тотығы) қосылған крем‑гель түрінде.

100% ақ шашты жабуға арналған «энергияланған» формулалары болады.

Артықшылықтары: бір сеансымен біркелкі және қанық түсті береді; ұзақ сақталады (4–6 апта).

* Хна және аммиаксыз бояулар (безаммиачные)

* Хна өсімдігі (растений хна) – табиғи, какао түсті реңк береді.

* Басқа аммиаксыз бояулар – шашты азырақ зақымдайды, бірақ ақ шашты толық жабу үшін 2–3 сеанс қажет болуы мүмкін.

Ұзақтығы 2–4 апта.


2. Табиғи әдістер

* Хна мен басма (лимон шырыны, шай)

* Хна + қара шай:

* 50 г хнаны қайнаған суға демдеп, тұндырыңыз. Салқындатып, 1–2 шай қасық қара шаймен түні бойы тұндырған шай қосыңыз. Сосын осы қоспаны шашқа жағыңыз да, 1–2 сағат ұстаңыз.


Кәдімгі қара шай

3–4 ас қасық шай жапырағын қайнатып, тұндырып, салқындатыңыз. Осы тұнбамен шашты жуғаннан кейін, соңынан шаю ретінде қолданыңыз;

Әр жуған сайын қою түсті реңк береді, бірақ толық жабу үшін көп қайталау керек.


Какао + кофе қоспасы

2 ас қасық какао және 2 ас қасық ұнтақталған кофеге аздап шашқа арналған кондиционер қосыңыз. Қоспаны шашқа жағып, 30–60 минут күтіңіз. Содан кейін жуыңыз.

Әсеріқоңыр-каштан реңк береді, бірнеше сеанстан кейін күшейеді.


Процедура мен күтім

Алдын ала дайындық жасаңыз, ол үшін шашты 1–2 күн бойы жумау қажет.Табиғи майлар бояудың жақсы енуіне көмектеседі.

Егер шаш өте құрғақ болса, алдын ала қоректік масканы (мысалы, кокос майы, аргана майы) жағып, 1 сағат күтіңіз.


Бояудан кейінгі күтім

Түс ұзақтығын сақтау үшін түске арналған шампунь және кондиционер қолданыңыз. Аптасына 1 рет терең ылғалдандыратын маска жасаңыз. Шаш нәрленуін сақтау үшін жұмсақ сульфатсыз құралдарды таңдаңыз.

Химиялық крем‑бояулармен 4–6 апта сайын реттеп отырыңыз. Табиғи бояу әдістерімен әр жуған сайын шаю немесе 1–2 аптада 1 рет толық күтім жасаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Үй жағдайында ҚОЛТЫҚ ИІСІн кетірудің әдісі


Көктемде бетке түскен ДАҚТЫ кетіретін 4 МАСКА