Кездесу барысында түрлі саланың, соның ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast оқу орнының президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз айтарлықтай қызығушылық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қызметіне ден қою көзделгенін айтты.
Кездесу барысында түрлі саланың, соның ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
