Қазір ол жансақтау бөлімінде.
Фото:munchenua_jr
ERNUR.KZ. Иран ұлттық құрамасының әйгілі волейболшысы Сабер Каземи Катарда жаттығудан кейін оқыс оқиғаға тап болды, деп жазады stan.kz.
"Эр-Райян" клубында дайындық кезінде спортшыны бассейнде тоқ соққан.
Ауыр жарақат алған 26 жастағы ойыншы жедел жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрес жүргізіп жатыр. Алайда медициналық комиссия спортшыда ми өлімі тіркелгенін хабарлады.
Осыдан кейін Иран волейбол федерациясы ресми мәлімдеме жасады.
"Медициналық комиссия бұрынғы ұлттық құраманың ойыншысы Сабер Каземидің ми өлімі фактісін растады", – делінген федерация таратқан ақпаратта.
Соған қарамастан, дәрігерлер әзірге спортшыны өмірін қамтамасыз ететін аппараттардан ажыратқан жоқ. Ол әлі де жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Айта кетейік, Сабер Каземи 2021 жылы Иран құрамасының сапында Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алып, сол турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанған еді.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
