Енді Қазақстан мен Латвия спортшыларының тандемі Германиядағы бұл турнирдің чемпиондық атағы үшін таласады.
Сурет: ktf.kz
ERNUR.KZ. Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан беделді ITF Women 100 топырақ төсенішіндегі турнирде қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға шықты, деп жазады Zakon.kz.
Жартылай финалда алматылық спортшы Латвия өкілі Дарья Семенистамен жұптасып, тәжірибелі әрі танымал Нао Хибино (Жапония)/Виталия Дьяченко (Ресей) дуэтін 3:6, 6:4, 11:9 есебімен жеңді.
Енді Қазақстан мен Латвия спортшыларының тандемі Германиядағы бұл турнирдің чемпиондық атағы үшін таласады. Қарсыластары екінші жартылай финал аяқталған соң белгілі болады.
Онда финал жолдамасына Джесика Малецкова/Мириам Скоч (екеуі де Чехия) мен Анастасия Детюк (Чехия)/Синья Краус (Аустрия) жұптары таласады.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева үшін бұл кейінгі екі аптадағы ITF W100 деңгейіндегі екінші финал болмақ.