Жәнібек Әлімханұлынан допинг табылды – спорт министрі пікір білдірді

0
99

Боксшының қанынан мельдоний табылған болатын.


Жәнібек Әлімханұлынан допинг табылды – спорт министрі пікір білдірді

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынымасына қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін боксшының алғашқы сынамасынан мельдоний табылған болатын.
"Өкінішке қарай, маңызды жекпе-жектің алдында сондай жағдай болды. Бірақ 8 қаңтарда екінші сынама ашылады. Біз және Жәнібектің командасы соны күтіп отырмыз", - деді Мырзабосынов үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, боксшыға қатысты шешімді Халықаралық бокс ұйымы қабылдайды.
Айта кетері, 7 желтоқсанда орта салмақтағы WBO мен IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. Бірақ қазақстандық боксшының сынамасынан допинг табылды.