Финалда "Найман" лақапатымен белгілі Марат Байкуморов жеңіске жетті.
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп жазады sputnik.kz.
"Марат Байкуморовты қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2025" турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты", - деп атап өтті Тоқаев.
Президент мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете беретінін атап өтті.
Еске сала кетейік, қазақ күресінен ХV республикалық "Қазақстан барысы" турнирі Астанадағы "Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында" өтті. Финалда "Найман" лақапатымен белгілі Марат Байкуморов жеңіске жетті. Екінші орынды былтырғы чемпион Ерасыл Қажыбаев, үшінші орынды Нұрдәулет Жарылғапов иеленді. 1-орынға 15 000 000, 2-орынға 3 300 000, 3-орынға 1 080 000 теңге жүлде табысталды.