Танымал қазақстандық бапкер өмірден өтті

0
93

Кирилл Кекер 2022–2024 жылдары "Қайраттың" бас бапкері болған еді.


Танымал қазақстандық бапкер өмірден өтті

ERNUR.KZ. Бүгін 46 жасында "Қайрат" ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Кекер күтпеген жағдайда өмірден өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсетуді білетін нағыз тәлімгер болатын. Оның Академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор. "Қайрат" ФК Кирилл Сергеевич Кекердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Кирилл Кекер әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазым атқарған. 2022–2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын басқарды. 2025 жылы Академияға жетекшілік етіп, сонымен бірге Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеп, жаңа буын футболшыларын қалыптастыруды жалғастырды.