Заңсыз өндірісті ұйымдастырған 41 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
фото: Ішкі істер министрлігі
ERNUR.KZ. Петропавлда ет өнімдерін заңсыз өндіретін цехты анықталды, деп жазады sputnik.kz.
Ұйымдастырушының айтуынша, ол үйрек етін сатып алып, оны өңдеп, шетелдік брендінің атауы бар қаптамамен қаптап, қала базарлары арқылы саудалаған.
"Заңсыз өндірісті ұйымдастырған 41 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ветеринариялық инспекция қызметкерлері оны ветеринариялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты", - дейді полицияда.
Полицейлер тұрғындарды азық-түлік сатып алу кезінде мұқият болуға, брендтік өнімдерді фирмалық дүкендерден алуға және тауардың заңдылығын растайтын құжаттарды талап етуге шақырады.


