Майк Тайсоның спорттық мансабында 50 жеңіс (44 нокаутпен) және 7 жеңіліс бар.
Фото: sportrbc.ru
ERNUR.KZ.   Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп жазады inform.kz.
Шоуды ұйымдастырушылар ММА ұйымындағы әйгілі файтер Федор Емельяненконы Қазақстанға «Темір Майкқа» қарсылас ретінде шақыруды жоспарлап отыр.
— Біздің жоспарларымызға Майк Тайсон мен Федор Емельяненконың жекпе-жегін ұйымдастыру кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, - деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев. 
Майк Тайсоның спорттық мансабында 50 жеңіс (44 нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Былтыр ол қарсыласы Джейк Полдан бірауыздан жеңіліп қалған болатын. 
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
