Назым Қызайбай Әлем кубогінің чемпионы атанды

0
116


Назым Қызайбай Әлем кубогінің чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері финалда италиялық қарсыласын жеңіп, алтын медаль жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері басталып, алғашқы чемпиондар анықталды.

Алтын медаль үшін өткен кездесулерде Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып әйелдер құрамасының өкілдері шаршы алаңға шықты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Назым Қызайбай өнер көрсетті. Оның қарсыласы Италия боксшысы Сирин Чарааби болды.

Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол алғашқы екі раундта 4:1 есебімен басым түсіп, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай World Boxing күнтізбесіндегі биылғы Әлем кубогінің екінші кезеңінің чемпионы атанды.