Қазақ анимациясының өкілі Алтынбек Өмірзақов дүниеден өтті

0
92


Қазақ анимациясының өкілі Алтынбек Өмірзақов дүниеден өтті

Фото: Қазақфильм

ERNUR.KZ. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы мен «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі белгілі суретші-аниматор, ұстаз, қазақ анимация өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Алтынбек Өмірзақовтың дүниеден өтті, деп жазады kaz.inform.kz.

Алтынбек Өмірзақов — қазақ анимация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі.

Ол ұлттық мультипликацияның қалыптасуы мен дамуына атсалысып, саналы ғұмырын осы өнер саласына арнады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұстаздық етіп, жас аниматорлардың кәсіби қалыптасуына, ұлттық анимация мектебінің дәстүрін жалғастыруға зор үлес қосты.

“ Алтынбек Өмірзақовтың шығармашылық жолы, ұлттық өнерге деген адалдығы мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі қазақ анимациясының тарихында өзіндік орын алады. Марқұмның жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын “, — делінген «Қазақфильм» хабарламасында.