Тоқаев пен Хун Манет келісімдерге қол қояды: Қазақстан мен Камбоджа ынтымақтастығы кеңейеді

0
144


Тоқаев пен Хун Манет келісімдерге қол қояды: Қазақстан мен Камбоджа ынтымақтастығы кеңейеді

ERNUR.KZ. Екі елдің дипломатиялық байланысына биыл 32 жыл толды. Келіссөздерде саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстарды және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы келіссөз аясында Камбоджа Премьер-министрі Хун Манеттің Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға жол ашатынын және ортақ ниетті нақты іске ұластыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

“ Биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 32 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз сындарлы саяси диалог жүргізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келеді. Біздің алдағы қадамдарымыз бүгін қабылдайтын Бірлескен мәлімдемеде көрініс тапқан. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қоямыз. Қазақстан Камбоджаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі және АСЕАН ұйымымен ықпалдастықты кеңейтудегі маңызды елдердің бірі ретінде қарастырады “, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстан мен Камбоджаның халықаралық аренада, соның ішінде БҰҰ жанындағы екі елдің тұрақты өкілдіктерінің қызметі аясында белсенді қарым-қатынасты жолға қойғанын атап өтті. Президент БҰҰ Бас ассамблеясының күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша Қазақстанның бастамаларына Камбоджаның қолдау көрсеткенін жоғары бағалады.