Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды

0
146

Бірінші орынды жапон спортшысы Шун Сато (278.12) иеленсе, күміс жүлде италиялық Даниэль Грасльға (269.43) бұйырды.


Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі аяқталды, деп жазады zakon.kz.

Турнир аясында ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Михаил Шайдоров ел намысын қорғады.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қысқа бағдарламада үшінші орын иеленген болатын. Еркін бағдарламада да қазақстандық спортшы үшінші нәтиже көрсетті.

Қорытынды есеп бойынша Шайдоров Қытайдағы жарыста 262.67 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды жапон спортшысы Шун Сато (278.12) иеленсе, күміс жүлде италиялық Даниэль Грасльға (269.43) бұйырды.