​Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

0
57

Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті.


​Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкентте Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, заңсыз кортеж ұйымдастырған 5 автокөлік анықталды.

Тексеру барысында жүргізушілердің қауіпті маневр жасап, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген және авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полиция жолда жарыс ұйымдастыру мен қауіпті маневр жасау адам өміріне қатер төндіретінін ескертеді. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті.
Бөлісу