Махмұд Сабырхан "Жылдың үздік боксшысы" номинациясына ұсынылды

0
114

Боксшы әлем чемпионаттарындағы тамаша жетістіктерінің арқасында аталған номинацияға ұсынылып отыр.


Махмұд Сабырхан

ERNUR.KZ. Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының "Жылдың үздік боксшысы" номинациясына енді. Онымен бірге номинацияға өзбекстандық Жавохир Умматалиев және Фазлиддин Эркинбоев, сондай-ақ бразилиялықтар Луис Оливейра мен Юри Фалькао кірді, деп жазады inbusiness.kz.

Қыркүйекте Ливерпульде Сабырхан 55 келі салмақ дәрежесінде World Boxing чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 2023 және 2025 жылдардың әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, сонымен қатар 2022 жылғы Азия чемпионатының вице-чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы атанды.

Ал, әйелдер арасында Қазақстаннан Наталья Богданова "Жылдың үздік боксшысы" номинациясына ұсынылды. Ол 2025 жылғы Ливерпульдегі World Boxing чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Оның басты бәсекелестері – Үндістаннан Жасмин және Минакши, Норвегиядан Суннива Хофстад, Польшадан Агата Качмарска.

Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылғы World Boxing чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Құрамамыз жеті алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.