Ташкентте қазақстандық азамат 10 мың долларын жоғалтып алған

0
93

Оқиға Ташкент метрополитенінің станцияларының бірінде болған.


Ташкентте қазақстандық азамат 10 мың долларын жоғалтып алған

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасында қазақстандық азамат ірі көлемдегі қаражатынан айырылып қала жаздады. Ташкент метросында түсіп қалған 10 мың долларды басқа жолаушы тауып алып, тәртіп сақшыларына тапсырған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға Ташкент метрополитенінің станцияларының бірінде болған. Өзбекстанға көлік сатып алу мақсатында келген Қазақстан азаматы «Сергели» автокөлік базарына бара жатқан жолда сөмкесінен 10 мың АҚШ долларын түсіріп алған.

Ол ақшаның жоғалғанын тек автобазарға жеткенде бір-ақ білген. Метрополитеннің бейнебақылау камераларына түсіп қалған таспадан баланы жетектеген әйелдің жерде жатқан қаражатты жинап алып, бірден метроның қауіпсіздік қызметіне бергені көрінеді.

Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бейнебақылау камералары мен Face ID жүйесінің көмегімен ақшаның иесін жедел анықтады. Ташкент метрополитенінің әкімшілігі адалдық пен азаматтық жауапкершілік танытқан жолаушы әйелге алғыс білдірді.

Ақшасын аман-есен қайтарып алған қазақстандық азамат жедел әрекет еткен өзбекстандық полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын айтты.