Қазақстандық стенд ату шеберлері Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

0
138


Қазақстандық стенд ату шеберлері Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті


ERNUR.KZ. Бұл күндері Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Ulyssport
.

Бүгін скиттен аралас жұптық сында бақ сынаған отандастарымыз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік үштікті түйіндеді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы жеңімпаз болса, күміс Корея өкілдеріне бұйырды.

Айта кетейік, қаңтардың 22-не дейін жалғасатын сары құрлық додасына 17 елден 196 атлет қатысып жатыр. Бұдан алдын спортшыларымыз 4 жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтақ, скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын, ал Ольга Хайлова қола медаль алды. Сондай-ақ командалық бәсекеде аруларымыз топ жарса, ерлер құрамасы қола жүлдені қоржынға салды.