Қазақстандық дзюдошылар Грузиядағы Еуропа кубогында 5 медаль жеңіп алды

0
147

Еліміз жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.


Қазақстандық дзюдошылар Грузиядағы Еуропа кубогында 5 медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.