Шетелдіктердің ЖСН алуы жеңілдеуі мүмкін

0
206

Енді бұл қызмет түрі онлайн форматқа көшірілуі мүмкін.


Шетелдіктердің ЖСН алуы жеңілдеуі мүмкін

Фото: finratings.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар арасында сұранысқа ие 10 қызметті онлайн форматқа көшіру жұмысы іс жүзінде аяқталды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкіметте өткен баспасөз брифингінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Вице-министр бүгінде төлқұжаттарды қайта шығару қызметін онлайн форматқа көшіру әзірге жоспарланып отырмағанын айтты.

"Себебі қазір жеке куәлікті онлайн ауыстыру қызметін пилоттық режимде тексеруден өткізіп жатырмыз. Яғни, біз бұл қызметті мінсіз деңгейге жеткізгеннен кейін барып, құжаттардың басқа түрлерін, соның ішінде төлқұжаттарды қарастырамыз деп шештік", – деді Ростислав Коняшкин журналистерге берген жауабында.

Оның сөзінше, сұранысқа ие 10 қызмет түрін онлайн форматқа көшіру жұмысы іс жүзінде аяқталды.

"Шетелдіктерге ЖСН беру қызметі ғана қалды, қазір оны да онлайн форматқа көшіру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Осы он қызметтен бөлек, біз тағы 12 қызметті таңдап алдық, олар да баламасыз форматқа көшіріледі. Яғни, ХҚКО-ға барғаныңызбен, оператор бұл қызметтерді ұсынбайтын болады", – деп атап өтті вице-министр.