​Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингіде 6-орынға көтерілді

0
262

Қазақстан әйелдер құрамасы 12-ден бірден 6-орынға көтерілді.


​Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингіде 6-орынға көтерілді

Фото: ҚТФ

ERNUR.KZ. Теннистен Billie Jean King Cup әлемдік командалық рейтингісі жаңартылды, деп жазады inform.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы 12-ден бірден 6-орынға көтерілді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы теннис тарихында алғаш рет үздік алтылыққа енді.
Қазақстандықтар Чехия, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция командаларын артқа қалдырды.
Өткен жылғы әлем чемпионы Италия көш бастаса, Ұлыбритания екінші, АҚШ үшінші сатыда тұр. Испания төртінші, Канада бесінші орынға табан тіреді.
Өткен айда Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетіп, өз тарихында үшінші рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.
Әлемнің үздік сегіз командасы бас қосатын финалдық дода 16-21 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.